385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы облыстық театрға академиялық мәртебе берілді

  • 1097
  • UPD: 07:32, 22.02.2018

Жуырда ғана Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрына академиялық театр мәртебесі берілгендігін хабарлаған болатынбыз.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Атырауға арнайы келген іссапары барысында өнер ордасының тарихи құжатын өз қолымен табыс етті. Соңғы екі жыл ішінде үлкен белестерге жеткен театр шетелдерге гастрольдік сапарларға шығып, бірқатар шақыртулар алды. Өткен жылы 25-ші рет өткен республикалық театр фестивалінде бірінші орынға ие болған. Осы еңбектер елене келе театр қызметкерлерінің еңбегі де жоғары бағаланды. Бүгінгідей жоғары мәртебеге ие болған театр ұжымы енді ТМД және өз еліміздегі басқа да ірі театр мамандарымен бірлесіп шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отыр.

Берік Жаменов, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының жетекшісі:

- Бұл үлкен биіктік. 80 жылдық тарихы бар театрға 80 жыл еңбек еткен қолының табы, аяғының ізі, үні қалған өмірден өткен актерлеріміздің арманы, бүгінгі жастардың тілегі орындалды. Бұл академиялық атақ – үлкен сенім күттіретін, болашаққа үлкен жауапкершілік арттыратын атақтың бірі. Бұған біздің ұжым дайын деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы