388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында рухани жаңғыруға арналған конференция өтті

  • 927
  • UPD: 11:11, 22.02.2018

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында «Рухани жаңғыру - жаңа дәуір талабы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараның мақсаты - қоғамды жаңғыртудың негізгі басымдықтарын жастарға түсіндірудің тың жолдарын қарастыру. Оқытушылар құрамы, студенттер мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында өскелең ұрпақ бойында азаматтық, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жақан Молдабеков, философия ғылымдарының докторы, профессор:

- Рухты жоғары деңгейге жеткізудің бірден бір қозғаушы күші адамдар арасындағы, ұрпақтар арасындағы бірлестікте дейміз. Елдегі тыныштық дейміз. Бүгінгі табысымыздың ел болып мемлекет болып, Қазақстан қоғамы болып жатқан табысмыздың осындай бір іргетастары бар. Фундаменталды негіздері бар. Сол негіздің үлкенге де, кішіге де үлкен маңызы бар екенін, түсіндіру, талдап беру, және осы уақытта ойымызды ортаға салу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Хабар 24 телеарнасы