385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Өнербаев ән кешін Астананың 20 жылдығына арнайды

  • 1112
  • UPD: 23:10, 22.02.2018
Нұрлан Өнербаев ән кешін Астананың 20 жылдығына арнайды

Наурыздың сегізінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаевтың елордада концерті өтеді.

«Жүректегі көктем» деп аталатын ән кеші Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Айтулы шараға деген дайындық қазір қыза түскен. Концерт барысында өнер иесінің әндерін Астана эстрадалық-симфония оркестрі сүйемелдейді. Мұнымен қоса Нұрлан Өнербаев «Сазген сазы» ұлттық фольклорлық ансамблімен бірге халық әндерін де орындауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ сахнада әншінің қос ұлы өнер көрсетеді.

Нұрлан Өнербаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші:

– Менің әр шығармашылық кешімнің өзі бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Жақында күз айларында Алматыда өткізген «Сағыныш» концертімнен бұл концерт тіпті бөлек. Бағдарламасы да бөлек. Мен енді бұл көктем мерекесі болғаннан кейін өзімнің репертуарымдағы бұрынғы осы тақырыпқа көктемге, аналарға, қыз-келіншектерге арналған әндеріме қоса жаңа әндерімді ұсынып отырмын. Кейбір әндерімнің тіпті сахнада тұсауы да кесіледі.

Хабар 24 телеарнасы