389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы музей мамандары шет елдерде тәжірибе жинақтайды

  • 696
  • UPD: 20:34, 25.02.2018

Жамбыл облысындағы музейлерде жұмыс істейтін мамандар жақында Лувр немесе Эрмитаж сынды әлемге әйгілі мұражайлардың тәжірибесімен жақын танысуға мүмкіндік алады.

Таразда осы сала қызметкерлері арасында «Үздік экскурсия жетекшісі» байқауы өтіп жатыр. Сайыста бағы жанғандар шетелдік музейлердің жұмысын өз көздерімен көріп қайтуға жолдама алады. Алғаш рет ұйымдастырылған додада облыс орталығы мен аудандардан жиналған 12 қатысушы бақ сынап жатыр. Мамандар кәсіби біліктілігін көрсетіп, өз жұмысында қандай жаңашылдықты пайдаланып отырғандығын көпшілікке танытулары тиіс. Сондай-ақ тіл білу, заманауи технологияларды қолдану жағы да ескерілетін болады.   

Алмас Мұхтаров, «Eжелгі Tараз ескерткіштері» қорық мұражайының бөлім басшысы:

- Топтан оза шапқандары жоспармен Ресейдің музейлеріне, Лувр музейіне, әлемдегі алдыңғы қатарлы музейлерге жіберіліп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи мамандар қатарын дайындауға атсалысады.

Хабар 24 телеарнасы