386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл театр және кино актері Ю.Померанцев 95 жасқа толды

  • 703
  • UPD: 09:25, 27.02.2018

Биыл Қазақстан Республикасының Халық әртісі, театр және кино актері Юрий Померанцев 95 жасқа толып отыр. Мерейтойға орай Алматыдағы Лермонтов атындағы академиялық драма театрда «Глостердегі оқиға» спектакілінің премьерасы өтті.

Драма екі бөлімнен тұрады. Оқиға тек екі ғана адам арқылы өрбиді. Бірі үй шаруасындағы әйелді Марина Ганцева ойнаса, ал қарт профессор ролінде Юрий Померанцев.

Михаил Токарев, ҚР Еңбек сіңірген артисі:

- Ғасыр жасаған актердің шеберлігі шынымен таңқаларлық. Жалпы өнерде осынша жасқа келіп, сан алуан кейіпкерді сомдайтын актерлер некен саяқ деп ойлаймын.

Халық әртісінің бар ғұмыры театрмен байланысты. Осы салада еңбек етіп келе жатқанына 75 жыл болса, оның 64 жылы осы Лермонтов театрының сахнасында өтіпті. Осы уақытта 300-ден аса кейіпкердің бейнесін сәтті алып шықты. Соның ішінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша 1968 қойылған Абай драмасындағы басты ролі де бар.

Виктор Харченко, суретші:

- Таяуда оның портретін жасадым. Сұхбаттаса отырып оның заман ағымынан қалмайтын қарымына, өзіне ғана тән дарынына риза болдым.

Ал Юрий Померанцевтің өзі сөзге сараң адам. Сұхбат беруге құлықсыз. Ол «бар ойымды ролдерім арқылы білдіремін» дейді.

Авторлары: Алмас Садуақас, Татьяна Напольская, Ермек Абдрахманов

Хабар 24 телеарнасы