385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер қазақ тіліндегі киноларды көбейту қажеттігін айтады

  • 550
  • UPD: 21:39, 02.03.2018
Мәжілісмендер қазақ тіліндегі киноларды көбейту қажеттігін айтады

Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты кино саласының мамандарымен «Кинематография туралы» заң жобасын талқылады.

Қазақстандағы кино нарығындағы ұлттық фильмдердің үлесі бар-жоғы 13 пайыз. Қалғаны шетелдік және ресейлік өнімдердің үлесінде. Жалпы қазір елімізде 78 кинотеатр мен 300 кинозал бар. Барлығы негізінен түрлі жанрдағы шетелдік фильмдерді ұсынады. Оларды қазақ тіліне аударып, дубляж жасау жағы да мардымсыз. «Кинематография туралы» заң жобасын талқылаған кино саласының мамандары осы өзекті мәселелерді ортаға салды. Заң аясында туындыға жауапты продюсердің міндеті мен оған қойылатын талап нақтылануы қажет. Екіншіден, мемлекеттен бөлінетін қаражатты мақсатты игеру қатаң бақылауда болуы шарт. Сонымен қатар жиында көрерменге ұсынылатын қазақ тіліндегі киноларды көбейту қажет деген ұсыныстар айтылды. 

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Екі айда қазақ ұлттық киноларға 10 күндік квота беру керек. 10 күн квота беретін болса, өзіміздің киномызды насихаттауға мүмкіндік аламыз.

Гүлнәр Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Алдағы бес жылда шетелдік киноларды қазақ тіліне аудару мәселесін 50 пайызға жеткізу жоспарланған. Бірақ дубляждалатын фильмдер сұрыпталуы керек. Сонымен бірге ұлттық қор құру ұсынысы талқыланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы