383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан өнерпаздары Будапештте өнер көрсетті

  • 584
  • UPD: 15:23, 03.03.2018

Қазақ ұлттық өнер академиясының «Нұр Орда» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Майра Ілиясованың жетекшілігімен Будапештте өнер көрсетті.

Венгрия астанасындағы ғылым академиясының залында өткен мәдени шараға Қазақстанның Венгриядағы елшілігі қолдау көрсетті. Кеште көрермен назарына 20-дан аса туынды ұсынылды. Олардың ішінде көпке белгілі «Япыр-ай», «Ақерке», «Бозбала» сынды халық әндері бар. Шетелдіктер Құрманғазының «Сарыарқа» күйіне елітіп, төл өнерімізге сүйсінді. Атап өтейік, Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің концертіне саясаткерлер, дипломаттар және осы елдегі қандастарымыз жиылды. Қазақстан мен Венгрия Сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Петер Сийярто сөз алып, мұндай шара қос мемлекеттің өзара байланысын бекемдей түсетінін атап өтті.

Майра Ілиясова, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер академиясы факультетінің деканы:

– Студенттеріміздің қуанышында шек жоқ. Олар ұзақ қол соқты. Күйшілеріміз тағы бір күй орындап берді. Оның барлығы қазақ музыкасының, оның ішінде дәстүрлі музыканың қасиеттілігі.

Хабар 24 телеарнасы