389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы байқауда Құрманғазы мен Динаның күйлері күмбірледі

  • 965
  • UPD: 08:48, 05.03.2018

Павлодарда жас күйшілер байқауы өтіп жатыр. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі өнер мерекесі биыл  Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 160 жылдығы мен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қамтыған.

«Күй тартыс -2018» әдеттегідей үздік орындаушыларды анықтайды. Ереже бойынша байқау екі бөлімнен тұрады. Жас күйшілер бірінші  күй тартыстан шеберліктерін сынға салады. Екінші бөлімінде жеке орындаушылық қабілеттерін көрсетеді. Қатысушылар Құманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», Дәулеткерейдің  «Түркімен», Желдібаевтың «Ерке сылқым», Дина Нұрпейісованың «Той бастар» атты танымал күйлерін  орындады. Жас күйшілер бұған дейін  аудандық, қалалық байқауларда топ жарып  облысқа жолдама алған. Күйшілер сайысының негізгі мақсаты ұлтымызға ғана тән  бекзат өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Атап өтерлігі соңғы жылдары  Ертіс өңірінің домбырашылар мектебі қалыптасқан.

Нұрбол Қаратай, жас күйші:

- Мен №1 Құрманғазы атындағы музыкалық мектептің оқушысымын. Бес жыл бйоы домбырамен айналысып жүрмін. Сол бес жыл ішінде көптеген байқауларға қатыстым. Осы жуырда республикалық конкурстан гран при жүлдесін алдым. Осындай сайыстарда біз өзіміздің шеберлігімізді көрсете аламыз.

Дамира Сыздықова, №29 жалпы білім беру мектебінің музыка пәні мұғалімі:

- Осы сайысқа №29 жалпы орта білім беру мектебінен өз оқушыммен келіп жатырмыз. Дәулеткерей, Тәттімбеттің және Дина Нұрпейісованың, күй атасы Құрманғазының күйлерін орындап шықты. Жалпы орындағаны өте көңілімнен шықты. Енді осы сайыстан жеңіс күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы