388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық орталығында электронды оқу залы ашылды

  • 1011
  • UPD: 15:33, 05.03.2018

Мәдениет және спорт министрлігінің қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында электронды оқу залы ашылды.

Енді оқырман қауым отанымызда сондай-ақ, алыс-жақын шетелде сақталған орта-ғасырлық ғұламалардың 500 мыңнан аса құнды еңбегін электронды нұсқада оқи алады. Мәселен, Әл-Фараби, Әл-Бируни, Қожа Ахмет Яссауи сынды тұлғалардың таптырмайтын қолжазбалары осы жердегі базаға енгізілген. Оқу залы заманауи технологиямен жабдықталған. Осының негізінде әлемдік кітапхана, мұрағат, музей желілеріне кіріп, қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік туып отыр. Зерттеу жүргіземін деген ғалымдарға да бар жағдай жасалған. 

Қуатжан Уәлиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы:

- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зерттеушілерге де жеткізгіміз келеді. Бұл жерде келіп ғылыми зерттеу жасаймын деген, біздің сирек қолжазбаларымызды электронды түрде оқимын, оған зертету жүргіземін десе барлық жағдай жасалған. 

Әміреқұл Әбуов, «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» директорының орынбасары:

- Жалпы қорымызда 7 мыңнан астам көне қолжазбалар бар. Олардың барлығына қазір оциврока жасалынып жатыр. Оған мемлекет тарапынан 161 миллион қаражат бөлінді. Және осылардың барлығын қайта қалпына келтіру ескі, мысалы, 19-ғасырдағы, 18-ғасырдағы бүкіл Қазақстанда жатқан осындай бір көне былайша айтқанда кейбірі жарамсыз болып қалған. Осылардың барлығын қалпына келтіретін мүмкіндік туылады.

Хабар 24 телеарнасы