387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тұмар» екінші ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

  • 1229
  • UPD: 22:02, 15.03.2018

«Тұмар» үздіктерді анықтайды. 16 наурыз күні «Қазмедиа» орталығында «Тұмар» екінші ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Шараны еліміздің ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» ұйымдастырып отыр.

«Тұмар» екінші ұлттық телевизиялық байқауы ерекше жағдайда өтпек. Себебі биыл қазақ телевизиясына 60 жыл толып отыр. Осы айтулы оқиға байқаудың маңызын одан әрі арттыра түсті.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың белсенділігі аса жоғары. Мәселен, былтыр байқауға 250-ден аса өтініш келіп түссе, биыл бұл көрсеткіш 400-ге жуықтаған.

Айбол Арғынғазинов, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясының бөлім басшысы:

- Бәйгеге өңірлер бойынша Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары белсенді қатысуа. Сонымен бірге үздік документалды бағдарлама, үздік сараптамалық бағдарлама, үздік ақпарттық бағдарлама, үздік ойын-сауықтық бағдарлама номинцияларына қатысушылардың үлес деңгейі жоғары. 

Биыл «Тұмар»  бәйгесінде 14 аталым бойынша үздіктер марапатталады.

Олардың қатарында  қазақ телевизиясының 60 жылдығы мен Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған жеке номинациялар да бар. Сонымен қатар жылдың үздік тележурналисі мен тележүргізушісі анықталып,  үздік операторлық және режиссерлік жұмыстар да сарапқа салынады. Бұл жолғы шарада телевизия ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілмек. Олар мерейтойлық медальмен марапатталады. Жеңімпаздаға жүлде табыстайды.  

Ләззат Айтханқызы, «Хабар» Агенттігінің Алматы филиалы «Жаңалықтар» бөлімінің атқарушы продюсері:

- Жалпы қазақ телевизиясы саласында еңбек етіп келе жатқаныма 32 жыл болыпты. Алғашқы кезде техниканың жетіспеушілігі, маманның жетіспеушілігі қазір жастарға айтсаң ертегі сияқты. Біз кинопленкаға түсіретінбіз. Содан ВХС. Бетакам. Қазір цифрық телевиденияға жеттік. 

Айта кетейік, бәйгеге 2017 жылы эфирге шыққан жобалар ғана қатысады.

Байқау жүлдесінен республикалық, аймақтық арналардан бөлек жеке телевизиялық өнім шығарушы телекомпаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар мен медиаөндіріс ұйымдар да үміттеніп отыр.

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- «Қазмедиа орталығы» салтанатты шараға келетін қонақтарды қарсы алуға дайын. Ертең мұнда телеиндустрияның майталмандары мен байқауға қатысушыларға барынша құрмет көрсетілмек. Олар үшін қызыл кілем жайылады. Ал әділ қазылар сапалы және ең өзекті тақырыптарды қозғаған жұмыстарға басымдық береді. Бәйгеде үздік деректі кино, телевизиялық сериал, әлеуметтік жоба, ақпараттық және ағартушылық бағдарламалар мен үздік өңірлік телеарна номициялары сарапқа салынады. Мақсат - қазақ телевизиясын дамыту, талантты кәсіби мамандарды қолдау.

Хабар 24 телеарнасы