384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің кинотеатрларында «Алтыншы бекет» фильмінің көрсетілуі басталды

  • 647
  • UPD: 22:44, 15.03.2018

Еліміздің кинотеатрларында «Алтыншы бекет» драмалық көркем фильмі көрсетіле бастады. Алматыда бұл фильмнің көрсетілімі өтті.

Алтыншы бекетті «Аю синема» кино-компаниясы ҚР Ұлттық Ұланының және «Хабар» Агенттігінің қолдауымен түсірген.

«Алтыншы бекет» фильмі ҚР Ұлттық Ұланының сарбазы Ербол Отарбаевтың ерлігі жайында. 2010 жылы Ақтау қаласындағы түрмеден 60 тұтқын қашпақ болады. Сол түні алтыншы қарауыл бекетінде тұрған Ербол қаруланған қашқындарға өзі жалғыз қарсы тұрады. Сөйтіп, оларға оқ жаудырып, өзі де жарақаттанады. Қарулы қақтығыс кезінде 40 адамды түрме аумағынан шығармай, бетін қайтарады. Қалғаны қашып құтылғанымен, кейін түгелдей оққа ұшады. Кейін осы оқиға бойынша фильм түсіру барысында өзі  бастан-аяқ қатысып, ақыл-кеңесін айтады. 

Ербол Отарбаев, Үшінші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері:

- Сол оқиғадан кейін менің еңбегімді бағалап елбасы үшінші дәрежелі айбын орденін кеуде тақты. Осы фильмге келетін болсақ, 6-бекет. Бұл фильмде басты рольді ойнаған сануржан сүлейменов. Бұл жерде тек қана менің ғана ролімді емес, Ұлттық Ұланның жауынгерлерінің күнделікті қандай қызмет атқаратындығын бәрін өзінің ролінде көрсетіп шықты.

Фильмдегі басты рөлдерді Сануржан Сүлейменов, Жасұлан Өмірбаев, Серік Салқынбаев сынды жас актерлер ойнайды. Сонымен қатар көрермен «Алтыншы бекетте» Ғани Құлжанов, Саят Исембаев пен Ербол Тоғызақов сынды белгілі актерлерді де көре алады.

Светлана Федорова, «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры:

- Фильм Ұлттық Ұланмен бірлесіп түсірілді. Жалпы драмма жанрына жататын туындыға түскен адамдардың 80 пайызы Ұлттық Ұланның әскери қызметкерлері мен сарбаздары.

Жалпы фильмде адамдардың түрлі мінездері – достық, сатқындық, ерлік пен ездік, қылмыс пен жаза тақырыптары толық қамтылған.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы