384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бала дауысы» ұлттық ән байқауының үшінші маусымы басталды

  • 539
  • UPD: 22:49, 15.03.2018

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының үшінші маусымы басталды.

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының аталған бірегей жобасы биыл жаңа форматпен жалғасын табады. Ерекшелігі - байқаудың іріктеу кезеңі наурыздың 15-нен сәуірдің 15-не дейін онлайн түрде өтпек. Енді еліміздің шалғайында тұратын балалар да www.notka.kz  ресми сайты арқылы сайысқа қатысуға өтініші бере алады. Дәстүрлі додаға биыл 8 бен 12 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатыспақ. Атап өтейік, байқауға түсетіндердің музыкалық білімі маңызды емес. Тек ән айтып, дарынын танытса болғаны. Онлайн іріктеуден топ жарған ең үздік 18 өрен желтоқсанның 8-нде Астанада өтетін байқаудың супер финалына жолдама алады. Ал кіл жүйріктен оқ бойы озық шыққандар еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға грант және ертегілер әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын ұтып алады. 

Мұрат Исаханов, Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы:

- Бір ай ішінде сайтымызға түскен өтініштерді музыкалық продюссерлер іріктейді. Нәтижесінде әр өңірден 5 қатысушыдан қабылданады. Кейін олар мамыр айында Алматы қаласына шақырылып, ән айту деңгейі бағаланады. Осылайша бір аймақтан келген бесеудің ішінен бір өрен ғана ақтық сынға жолдама алады. Сондай-ақ мамырда елордамызда Астананың 20 жылдыған орай байқауымыздың былтырғы финалистерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы