386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының мәдениет мекемелері көрісу күнін атап өтті

  • 689
  • UPD: 22:48, 15.03.2018

Алматы облысының мәдениет мекемелері көрісу күнін кеңінен атап өтіп жатыр.

Талдықорғандағы Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі мен көркемсурет галереясы және облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы бірлесіп, амал мейрамына орайластырылған арнайы шара ұйымдастырылды. Ардагерлер «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мекемесінде тәрбиеленіп жатқан кішкентай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, алдағы өміріне ақ жол тілесе, өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. Сонымен қатар онда түрлі ұлт өкілдерінің әр кезеңде қолданған ыдыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден Қарқара жәрмеңкесінде саудаланған қазан-ошақтар мен көне астау, қыштан, қалайыдан жасалған тостаған, құмыра сияқты бұйымдарды да көруге болады. Көрісу күні тек Батыс Қазақстанда ғана емес, бүкіл қазақ даласында тойлануы тиіс. Өйткені ол бәрімізге ортақ дүние. Бұл күні кісілік пен кішілікке, ізгілік пен мейірбандыққа негізделген сауапты істерді атқаруға бәріміз бір кісідей атсалысуымыз керек дейді шараға қатысушылар.

Ақан Әбдуалиев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

- Біздің осы Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты 14-16 мекеме бар. Сол барлық мекеме осы жерде жетім балалар үйі бар, сол үйден бір-бір баланы алып қамқорлығына, көмектерін жасап отырады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бар ғой, сол жерден есепшотын ашып қойып, сол балаларға ақша салып отыр ай сайын. Бұл барлық жерде тойлануы керек. Барлық жерде аталып өтілуі керек деп ойлаймыз.

Шайбала Тергеуова, Алматы облысының құрметті азаматы:

-Бұл әдет-ғұрып халқымыздың енді болашақта кеңінен өріс алып, жақсылыққа бастайды деген ойым бар. Сондықтан 2018 жылдың наурызы құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы