378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәшһүр Жүсіптің қолжазбалары Павлодар өңіріне жеткізілді

  • 836
  • UPD: 22:59, 15.03.2018

Ұлы ғұлама, қазақ ауыз әдебиетін жинауға зор еңбек сіңірген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбалары тұңғыш рет Павлодар өңіріне жеткізілді.

Тарихи тұлғаның 160 жылдығына арналған «Ғұлама тағлымы» -  көрмесіне ақынның  жеке заттары: құран кітабы, қобдишасы, қоржыны, көзілдірігі, кісе белбеуі және  көктасы  қойылған. Тарихи жәдігерлер Баянауыл ауДанының  Ескелді ауылындағы мемориалдық музейінен жеткізіліпті. Өмірі жұмбаққа толы ғұлама қабірін тірі кезінде қаздырып, 39 жасында 73-ке келіп  өмірден өтетінін болжаған.  Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұралары «Ғылым ордасы» сирек қол жазбалар қорында сақталған.  Олар  араб, парсы  тілінде жазылған. Біраз жыл бұрын 20 томдық кітап болып жарыққа шықты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұралары сандық жүйеге көшіріледі.

Қажымұқан Пазылұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің немересі:

- Айтқан өсиеттері бар бар. Сол өсиеттерінің ішінде қабірін қаздыра бастаған кезде бір метрге дейін көк тас шығады - дейді. Сонда шынымен көктасы бар. Қазір мына мұражайға әкеп тұрмыз. Енді ол 31-ге дейін басы бұзылғанша ілулі тұрды. Сонда кісілер шетін сындырып алып кеткен екен. Сонда бұл тас көз ауруына ем деген.

Қарлығаш Қармақбаева, Алматы қаласындағы  орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі:

- Тағы бір стендте осы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ғалымдардың зерттеген еңбектері көрсетіліп отыр. Ол латын тілінде машинкамен басылғаны бар, қолмен жазылғаны бар кирилицаға аударылғаны бар. Бұл енді құжаттарды енді неліктен көрсетіп отырғанымыз бұл тарихи құжаттар деп саналады. Ол құжаттардың ішіндегі жаңағы әркімнің өзінің жазғаны бар. Басылымға деген және басылымға болмайды деген визалары бар.

Хабар 24 телеарнасы