385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театры «Қыз Жібек» операсын сахналады

  • 637
  • UPD: 23:53, 22.03.2018

Ұлыстың ұлы күніне «Астана Опера» театры да ерекше дайындалыпты.

Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын тамашалай алады. Бұл жолғы қойылымның бірқатар ерекшелігі бар. Мұнда 3D графика кеңінен қолданылған. Жібектің рөлін Жанат Бақтай, ал Төлегенді Сүндет Байғожин сомдайды. Айта кетейік, жазушы-драматург Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» либреттосы осыдан тура 83 жыл бұрын алғаш сахналанған болатын.

Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Мен осы операда Бекежанды ойнағанда адамгершілік жағын көрсеткім келеді. Өйткені ол Төлегенді өлтіргеннен кейін сол жерде отырып алып, ыңылдап артында Сансызбай қалды ғой Қарлығашпен деп ой-өкініші туады. Содан кейін барып, «Жібекке барып айттым ғой, ерегіс бір іс істетті, Түбіне Төлегеннің намыс жетті, атыста айдалада жекпе-жекте» деп Төлеген қайтпайтұғын ахау сапар шекті деп өтірік айтады. Сол себепті Бекежанның қазіргі партиясы сәл күрделі.

Хабар 24 телеарнасы