387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театры «Қош келдің, Наурыз!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды

  • 774
  • UPD: 19:51, 23.03.2018

Елордада мерекелік шаралар әлі де жалғасып жатыр.

«Астана Опера» театры Ұлыстың ұлы күніне арнап «Қош келдің, Наурыз!» атты концерттік бағдарлама ұсынды. Кеште опера труппасының солистері өнер көрсетеді деп жоспарланған.

«Астана Опера» театрында мерекенің айрықша лебі еседі. Концерт театрдың камералық залында өтіп жатыр. Оған кіргеннен қазақы ауылға тап болғандай боласыз. Сахна киіз үйге айналған. Наурызда үйге келген әрбір қонаққа ұлттық салт дәстүрмен  барынша ретінде құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалады. Ал өнер майталмандары болса, құлақ құрышын қандыратын ғажап дауыста өз шығармаларын тарту етті. Тенорлар шеруі мен вокалдық сайыс-айтыс көрермендердің ерекше ықыласына, қошеметіне ие болды. Вокалдық және аспаптық өнер туындылары да ешкімді бейжай қалдырмады. Бағдарламада қазақ опера классикасынан сахналық көріністер қойылды. Ариялар мен әлемдік музыкалық өнер жауһарларынан үзінділер шырқалды. Сондай-ақ еліміздегі өзге де ұлттардың мәдениетін танытатын туындылар шырқалды. Халық әндерімен қатар «Абай», «Біржан-Сара», «Қыз Жібек» операларынан ариялар мен романстар орындалды. Сондай-ақ Сыдық Мұхамеджановтың, Шәмші Қалдаяқовтың, Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары кештің көркін аша түсті.

Опера труппасының солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Жәмила Жарқымбаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары Мейір Байнеш, Болат Есімханов, Назым Сағынтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, сонымен қатар танымал вокалистер Абзалбек Максим, Ержан Саипов, Қазыбек Досмұхамбетовтердің өнері келушілерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Авторы: Қарлығаш Қайыпбекова

Хабар 24 телеарнасы