384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық оқушы нотасыз орындалған музыкасымен көпшілікті таңғалдырды

  • 523
  • UPD: 16:54, 25.03.2018

Музыкаға құмар қарағандылық Дамир Кәрімов «Тыныштық әуені» атты шара өткізіп, бұл бастамасын Наурыз мерекесіне арнады.

Нотасыз орындалған музыка жанры мен оның ерекше стиліне келушілер жоғары баға берді. Бұл – жас орындаушының алғашқы кеші. Алдағы уақытта өнерпаз еліміздің басқа қалаларын аралап, жеке концерт беруді жоспарлап отыр.

Дамир Кәрімов, орындаушы:

- Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелуі, табиғаттың, жарықтың, жақсылық пен жамандықтың теңгерімі. Бұл теңгерім мен теңелу музыкантқа əуен шығаруға септігін тигізеді. Ол тыңдаушыға фондық музыка бола алады.

Хабар 24 телеарнасы