388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айман Мұсақожаева Италияның Орден кавалері атанды

  • 608
  • UPD: 23:26, 26.03.2018

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Италия Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін Орден кавалері атағына ие болды.

Бұл марапат халық әртісіне президент Серджио Маттареланың ұсынысы бойынша тағайындалды. Ұлттық орденді Италия Республикасының елшісі Стефано Раваньян табыстады. Еуропа елінің билігі Айман Мұсақожаеваның екі мемлекет арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Айта кетейік, бұл орден 1951 жылдан бері табысталып келеді.

Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

-  Бұл орден үлкен әртістерге беріледі. Мен оған лайық болсам, өте ризамын. Ол тек менің табысым емес, ол біздің халықтың табысы. Сол халықтың арқасында Италия, тағы басқа әлемге шығып, өз өнерімізді көрсетіп жатырмыз. Өзіміздің ұлттық өнерді көрсетіп осындай марапатты алдық.

Хабар 24 телеарнасы