389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орынборлық доцент Ахмет Байтұрсынұлы туралы монография жазып шықты

  • 862
  • UPD: 12:56, 27.03.2018

Ұлтымыздың біртуар ұлы, ғалым, мемлекет қайраткері туралы «Оренбургский путь Ахмета Байтурсынова» атты монография жарық көрді.

Алғашқы қазақ газетін шығарушы, Қазақстанның тұңғыш үкіметінің мүшесі және Қазақ автономиясының халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Татьяна Тугай монография жазып шыққан. Кітаптың тұсаукесері Мәскеудегі Ресей Халықтар Достығы Университетінде өтті. Аталған монография орынборлық «Бәйтерек» қайырымдылық қорының бастамасымен жарыққа шықты. Кітаптың қазақ тіліне аударылған нұсқасы жақын арада Варшавадағы түркітанушылар форумында таныстырылатын болады.

Татьяна Тугай, монография авторы:

– Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен атқарған жұмыстары көбіне «Алаш қозғалысы» жетекшілерінің бірі және Қазақстан тәуелсіздігі жолында күрескен қайраткер ретінде ғана зерттеліп келеді. Мен үшін ғалымның Орынборға қатысты ағартушылық жұмыстарын зерттеу ең басты мәселе болды. Туған елінің санасын ояту оның өмірінің мәні болды.

Сауле Таикешева, «Бәйтерек» қорының төрағасы:

– Біздің Орынбор қайырымдылық қоры көптен бері ағарту жолында жүр. Ресей жерінде көптеген қазақ аймағында қазақ қауымдастықтары бар. Бұл кітап білектерінде болмаса жүректерінде бір із қалдырады деген сеніммен осы кітапты біз жер жүзіне жариялап жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы