378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың үздік театрлары марапатталды

  • 466
  • UPD: 23:50, 27.03.2018

Елордамыздың үздік театрлары марапатталды. Жастар театры «Жыл энергиясын» жеңіп алды. Ал «Жыл көзқарасы» аталымын Қазақ драма театры еншілесе, орыс драма театры «жыл сөзі», қуыршақтар театры «жыл қозғалысы» атанды.

«Наз» би театры жыл қимылы аталымында үздік болды. Бұл мерекені Астанадағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры ұйымдастырды. Ұжым басшылығы өнерлі азаматтарымызды Оскар сыйлығы форматында құттықтау шешімін қабылдады. Алдымен қызыл кілеммен Астананың үздік артистері өтті. Жеңімпаздар сахна төрінде өзінің қойылымдарын көрсетіп, көрерменді тамсандырды.

Еркін Қасенов, Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры:

- Мен бүгін Қазақстандағы, шет мемлекеттердегі театр саласында жүрген әріптестерімді халықаралық театр күнімен құттықтаймын. Бүгін біз Астанада 5 театр басымызды қосып, дәстүрлі түрде өзіміздің мерекемізді атап өтуге Жастар театрының шаңырағына жиналып отырмыз. «Золотая кулиса» деген номинация жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы