384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау театры Могилевтен жүлделі оралды

  • 907
  • UPD: 10:31, 28.03.2018

Ақтаудағы Нұрмұқан Жантөрин атындағы өңірлік музыкалық-драма театрының ұжымы 21-27 наурыз аралығында Беларусьте өткен «Март-Контакт-2018» жас театрлар форумынан жүлделі оралды.

Могилев қаласындағы дәстүрлі форумға биыл әлемнің 8 мемлекетінен 22 театр қатысқан. Шара шымылдығы Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» қойылымымен ашылды. «Шығарманың басты кейіпкері Еңсептің ең терең құдық қазуға бел буып, ақырында өзі қазған жерден шыққан теңіз суынан қаза табуы көпшілік көңілін толқытты», – дейді театр мамандары. Айта кетейік, мұндай жаһандық театрлар форумына қатысу үшін алдымен танымал театр сыншыларынан шақырту алу қажет екен. Маңғыстау театры кезекті жеңісімен шектелмей, енді Грузия мен Латвияға баруға дайындалып жатыр.

Гүлсина Мерғалиева, Н.Жантөрин атындағы өңірлік музыкалық-драма театрының бас режиссері:

- Жаһандық деңгейдегі театрлар форумына қатысу өте қиын. Ұсыныс немесе арнайы шақырту алуыңыз қажет. Бізді ұсынған Германияның театр сыншысы Нина Мазур болды. Мұндай шараға қатысудың өзі жеңіспен тең. Әлем классиктерінің ең үздік қойылымдары сахналанған форумда біздің еңбегімізге бірден-бір ескерту болған жоқ. Қазақ халқының шоқтығы биік өнерін барлық 15 сыншы да жоғары бағалады.

Хабар 24 телеарнасы