384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігі өзбекстандық әріптестерімен бірігіп сериал түсіруі мүмкін

  • 443
  • UPD: 11:58, 03.04.2018

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Басты құжат екі елдің бейнеконтент алмасып, ақпарат алысуына жол ашады. «Ведмоствоаралық келісім бауырлас елдер арасындағы ақпараттық байланыстың жаңа бағытта дамуына негіз болады», – дейді басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова. Кездесуде тараптар сериалдар мен танымдық бағдарламаларды бірлесе түсіру жайын талқылады. Алдағы уақытта журналистер өзара тәжірибе де алмасады.

«Хабар» арнасы – Орта Азия мемлекеттерінің арасында заманауи технологиялық мүмкіндіктері бар ірі медиаиндустрия. Сондықтан шығыстың төртінші билік өкілдері бізбен тығыз жұмыс істеуге дайын отыр. Өйткені цифрлық технология дәуірінде тәжірибе алмасу ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.

Алмагүл Ахметжанова, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма Төрайымы:

- Шын мәнінде біздің бір-бірімізге ұқсас жерлеріміз өте көп. Өйткені бұл екі ірі мемлекеттік медия холдинг болып табылады. Мүддеміз де ортақ. Оған қоса биылғы жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп белгіленді. Наурызда екі ел басшысы Астанада ынтымақтастық байланыстың тұсауын кесті. Соның аясында жаһандық жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл экономикалық байланыстың дамып, туризм мен мәдени әріптестіктің артуына негіз болады. Бүгінгі меморандум мәдениет саласындағы көптеген жаңа жобалардың жүзеге асуына негіз болады.

Наргиза Нуманова, Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясының бөлім басшысы:

- Өзара әріптестік байланыс одан әрі дамып, тереңдей бермек. Екі ел арасында ортақ жоба жасалады. Ақпарат саласында жүрген қызметкерлер өзара тәжірибе алмасады, түрлі тренингтер өткізіледі. Мұндай кездесулер қос тарапта, яғни «Хабар» агенттігі мен біздің Өзбекстандағы ұлттық телерадиокомпания базасында да өткізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы