386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе мен Қарағандыда «Қарақат» өнер студиясының филиалдары ашылады

  • 502
  • UPD: 15:15, 05.04.2018
Ақтөбе мен Қарағандыда «Қарақат» өнер студиясының филиалдары ашылады

Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы жетігенмен танылған «Қарақат» өнер студиясының филиалдары Ақтөбе мен Қарағандыда да ашылады.

Бұл туралы бүгін жобаның жетекшісі Қарақат Әбілдина тілшілермен жүздесуде айтты. 10 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан өнер ұжымы ертең Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында мерекелік гала-концертін береді. Оған «Қарақат» студиясының Астана, Алматы және Шымкенттегі мектептерінен жалпы саны үш жүз бала қатысып, үш сағат бойы ұлттық ән-күй мен жырдан шашу шашады. Концертте көрермен 50 бүлдіршін қыздың жетігенмен ән салғанын тамашалап, домбырашы балалардың да өнеріне тәнті болады. Ұлттық ән-күйді нақышына келтіріп орындайтын жас буын арасында болашақ айтыс ақындары да бар. Олар да сахнада өз білгендерін паш етеді.

Қарақат Әбілдина, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Шәкірттерімінің алды бүгінде өнер академиясында студент болып жүрсе, алды бесік тербеткен ана, үлкен өнер жолында киноға түсіп басты рөлдерді сомдап жүрген, журналистика салада жүрген, сол өнер деген үлкен қазанда қайнап жүрген біздің мектептен түлеп ұшқан ұл-қыздар өте жақсы өз жолдарымен өсіп келеді. Сол шәкірттерге қарап, өзіміздің де есейгенімізді сезінеміз. Ертең, 6 сәуірде болатын концертте сол бітіріп кетсе де, күні бүгінге дейін менің қасымда жүрген барлық шәкірттерім бой көрсететін болады.

Хабар 24 телеарнасы