389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жастар» театры мәңгілік махаббат тарихын сахналайды

  • 527
«Жастар» театры мәңгілік махаббат тарихын сахналайды amatshow.kz

«Жастар» театры «Қыз Жібек» мюзиклінің тұсаукесеріне шақырады. Спектакль 12-15 сәуір аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығы мерекесі аясында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Спектакльдің қойылымына қазақ фольклорындағы ең айтулы шығарма негізге алынып, «Жастар» театрының сахнасында қайтадан жаңаша тыныспен көрерменге жол тартпақ.   

Қойылым әсем де ғажап музыкамен әрленіп, барлық сезімді жеткізе білуі келушілерді бейжай қалдырмасы анық. 

Қойылым режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, суретші – Ерлан Тұяқов, хормейстер – Гүлмира Құттыбадамова, балетмейстер – Шырын Мұстафина, музыкалық әрлеуші – Ерболат Құдайберген, Жандәулет Батай.

Хабар 24 телеарнасы