389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда қазақтың әлеуметтік-мәдени өмірі туралы көрме өтіп жатыр

  • 627
  • UPD: 13:51, 13.04.2018

Токиода Қазақ елінің мәдени-әлеуметтік өмірінен сыр шертетін көрме өтіп жатыр. Шараны Жапониядағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды.

Токионың орталық кітапханасында қазақ әдебиеті, Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары мен еліміздің қалыптасу жолына арналған басылымдармен танысуға болады. Жалпы оқырмандардың назарына 200-ден аса оқулық ұсынылды. Сонымен қатар көрме аясында  «Жаужүрек мың бала» фильмінің көрсетілімі мен дәстүрлі қазақ музыкасының концертін өткізу көзделіп отыр. Шараға келушілер үшін ұлттық тағамдарды пісіруден  шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Көрме 11 маусымға дейін жалғасады.

Наоми Уэда, көрме үйлестірушісі:

- Пайдалануымызға берілген бағалы кітаптар мен деректер үшін Қазақстанның ұлттық академиялық кітапханасына алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ осы көрмені ұйымдастыруға көмек берген Қазақстан елшілігіне де көп рақмет. Бұл шара елдеріміз арасындағы достық қатынасты одан әрі нығайтатынына үміттімін.

Хикару Каваками, көрермен:

- Маған фотокөрме өте ұнады. Қазақстанның табиғаты керемет: тауы да, кең байтақ даласы мен көлдері де бар. Астана да үлкен әсер қалдырды. Заманауи ғимараттарын көріп, қаланың әсем көрінісін елестетесің. Мен Қазақстанда ұлттық дәстүр мен мәдениеттің қазіргі заманмен жақсы үйлескенін байқадым. Қазақстанға барғым келіп тұр. Жақын арада елдеріміз арасында тікелей рейс ашылады деген үмітім бар.

Хабар 24 телеарнасы