388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісу өнерпаздары Өзбекстанда алғаш рет концерт берді

  • 533
  • UPD: 13:22, 14.04.2018
Жетісу өнерпаздары Өзбекстанда алғаш рет концерт берді

Жетісу өнерпаздары Ташкент сахнасында алғаш рет концерт қойды. Алматы облысының Өзбекстандағы күндері аясында ұйымдастырлыған шарада өңірдегі тарихи мұражайлар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі және Алтын адамның көшірмесі қойылды. Қолының қиюы бар шеберлер көпшілікке атадан балаға ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұсталық өнерді дәріптеді. Ал концертке Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, «Құлансаз» ансамблі мен «Үшқоңыр» квартеті қатысты. Думанды кештің көркін өкшесінен от шашқан бишілер мен күміс көмей әншілер қыздырды. Жетісулық өнерпаздар халықтық өнерімізді танытумен қатар өзбек ұлтының да ән-билерін паш етті. Әсіресе Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі өзбек әуені «Раксты» нақышына келтіріп орындады. Өзбекстанда тұрып жатқан қандастарымыз біраздан бері үзіліп қалған мәдениет саласындағы байланыстың қайта жанданғанына дән риза.

Артықбай Құрбанбаев,Ташкент облысы Қазақ мәдени орталығының төрағасы:

– Ташкент облысында жасап жатқан қазақтар осы Түркістан мәдени орталығына келіп, солардың қазақша айтқан өлеңдерін, домбырада шалған күйлерін, қазақ өнерпаздарының, биші қыздардың өнерін көріп, өте қуанышқа бөленіп отырмыз.

Дәулет Шоқпаров, алматылық шебер:

– Бұл енді мынау зергерлік өнер дейді. Бұл өте ерте замандардан Сақ дәуірінен келе жатқан өнер десек болады. Себебі Алтын адамды көріп отырсыздар, сол кездегі шеберлердің қолы қандай мықты болған. Соның ұрпағы – бізбіз. Біз осыны жалғастырып, халыққа көрсетіп, жұрттың көзінше жасап беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы