377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алғаш рет халықаралық балалар фестивалі өтеді

  • 411
  • UPD: 21:20, 17.04.2018

Жиырма екінші маусым мен төртінші шілде аралығында елімізде алғаш рет халықаралық дәрежеде балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі өтеді.

Бұл жайында мәдениет және спорт министрлігінің өкілі хабарлады. Burabay Summer Fest деп аталатын өнер додасына 10 мен 16 жас аралығындағы өрендер қатыса алады. Қазақстандықтардан бөлек байқауға Ресей, Белорусь, Қытай, Грузия, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің де жеткіншектері келеді. Қазір қалалық және аудандық іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Халықаралық фестивальдің гала концерті шілденің бірі күні Астанада болады.

Әбіл Жоламанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі департаменті директорының міндетін атқарушы:

- Бұл өзі 9 аталымнан тұрады деп отырмыз. Яғни айтатын болсақ, вокалдық өнер, одан шығатын дәстүрлі ән өнері бар. Болмаса академиялық, эстрадалық әндеріміз бар. Және инструменталдық аспаптар бойынша балалар өздерінің бақтарын сынайды. Тағы бір номинациямыз бұл хореграфиялфық өнер. Және де бір номинация бұл көркемдік оқу.

Хабар 24 телеарнасы