384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай атындағы опера және балет театры Қостанайға гастрольмен барды

  • 622
  • UPD: 14:55, 19.04.2018

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Қостанай жерінде өнер көрсетіп жүр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған гастрольдік сапар алты күнге созылады. Олар осы аралықта астықты аймақ көрермендерін бекзат өнермен сусындатпақ. Алматылық өнерпаздар ұсынған «Ұлы дала аңызы» шығармасы-халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Онда қазақ мемлекетінің қалыптасу жолы, ұлтымыздың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, бай музыкасы би тілімен шебер үндестік тапқан. Ел қорғаған батырлар образы, нәзік махаббат та бар. Негізгі мазмұны - бірлікке үндейді. Сондай-ақ әйгілі композитор Чайковскийдің «Щелкунчик» шығармасы да тарту етіледі.

Ерсайын Төлеубай, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының режиссері:

- Бұл өзі өзі нәзік өнер, мұнда жалғыз сахнаның әрекеттері, би элементтері жатпайды. Бұл үлкен ой, тарих айтылады. Мына ұлы дала әуендерінде бар қазақтың ғасырлап жинаған музыкасы тұр. Өнері тұр, сол балет арқылы жетіп жатыр. Әрине біз бұған жастарды, ұрпақтарды көбірек тәрбиелеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы