384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Тренер» фильмінің тұсаукесері өтті

  • 376
  • UPD: 22:25, 20.04.2018

«Тренер» фильмі қалың көрерменге жол тартты. Бірер айдан кейін Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына байланысты осындай кино түсірілген болатын.

Оның еліміздегі тұсаукесері Астанадағы Kinopark 8 IMAX Saryarka орталығында өтті.

Кinopark 8 IMAX Saryarka кинотеатры жаңа фильмнің тұсаукесерін нағыз шоуға айналдырды. Аты аңызға айналып үлгерген Сейділда Байшақов, Станимир Стойлов сынды футбол мамандарын шақырып, көпшілікпен тілдесуге мүмкіндік берді. Суретке түсті, қолтаңбасын қалдырды.

Сейілдә Байшақов, Қазақстан футбол федерациясының құрметті азаматы:

- Алғашқы көрсетілімге біраз адам жиналыпты. Әсіресе, нәзік жандылардың көптігі қуантады. Бұдан бөлек, әрине, басым бөлігі футболдың нағыз жанкүйерлері.

«Тренер» бұл спорттағы және өмірдегі қиындықтарға мойымай, қайтпас қайсарлығының арқасында барлығын жеңе білген бапкер жайындағы картина. Режиссер Данила Козловский онда замануи эффекттер мен күрделі элементтерді қолданған.

Қайрат Нұрдәулетов, футболдан Қазақстан құрамасының бапкері:

- Мұндай фильмдер керек. Біріншіден, футболды дамыту, көрсету, қызықтыру деген сияқты. Сондықтан, бұндай киноны біздің қазақстандық режиссерлер түсіреді деген ойдамыз. 

Станимир Стойлов, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Осындай фильмдер жастарды спортқа тартып, футболға деген ынтасын арттырады. Сондықтан өте сәтті және уақытылы жарық көрген картина деп санаймын. 

Бір сөзбен айтқанда жаңа фильм көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Енді оны алдағы күндері еліміздегі Kinopark THEATRES залдарынан тамашалауға болады.

Авторлары: Аслан Қаженов, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы