384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шешен-ингуш этномәдени бірлестігі Қазақстан халқының бірлігі күніне дайындалып жатыр

  • 672
  • UPD: 22:52, 23.04.2018

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этномәдени бірлестіктер дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Олардың арасында «Вайнах» шешен-ингуш орталығы да бар. Бұл ұйым елорданың бас алаңында өтетін мерекелік концертте өнер көрсетіп, ұлттық тағамдар көрмесіне қатысады. Басты шараларының бірі – Павлодар қаласында өтетін қайырымдылық концерті. Бірлестік төрағасының айтуынша, Қазақстан хылқының бірлігі күні - ынтымақ пен келісім мейрамы. 

Салман Героев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Біз этномәдени бірлестіктер арасында алғашқы болып қайырымдылық шараларын қолға алдық. Мәселен, былтыр Астанадағы «Жастар» театрында концерт өткізіп, одан түскен 1 млн теңгені Темірлан Сейтжанов деген баланың еміне жараттық.

Хабар 24 телеарнасы