378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шәмші Қалдаяқов туралы кітап жарыққа шықты

  • 710
  • UPD: 15:18, 27.04.2018
Шәмші Қалдаяқов туралы кітап жарыққа шықты

Алматыда қазақ елінің сүйікті композиторы «Шәмші Қалдаяқов» атты фотоальбом көпшілікке таныстырылды.

5 мың тиражбен жарық көрген кітапта композитордың көпшілік біле бермейтін қырлары жазылған. Талай буынды лирикалық әндерімен тербеп, махаббат шуағына бөлеген Шәмші Қалдаяқов сондай-ақ еліміздің барлық өңірін әнге қосып, әртүрлі теңеу тапқан. Жинақта композитордың ең танымал 26 әнін шегіне жеткізіп, асқан шеберлікпен орындаған әншілердің де суреттері бар. Ұйымдастырушылар сазгердің 90 жылдығына орай кітапты мемлекеттік тапсырыспен 50 мың данаға дейін басып шығармақ ниетте.

Қалдыбек Құрманәлі, жоба авторы:

- Шәкеңнің «Шәмші мұра» деген айдарымен, Шәкең туралы жазылған ғылыми материалдар, Шәкең туралы атқарылған іс-шаралар, осыларды қамтуға тырыстық. Шәкеңнің әндері, 26 әнін іріктеп алдық та, елге танымал әншілердің, халық әртістерінің әндерін суретімен қасына бірге қосып бердік.

Хабар 24 телеарнасы