384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабай баурайында этнофестиваль өтті

  • 410
  • UPD: 17:30, 27.04.2018
Бурабай баурайында этнофестиваль өтті

Бурабайда «Атадан қалған асыл мұра» атты алғашқы этнофестиваль өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған шараға аймақтың барлық ауданы атсалысты. Олар Абылай хан алаңында көшпенділер өркениетінің көрінісін көпшілік назарына ұсынды. Қаз-қатар тігілген ақшаңқай киіз үйлерде қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетіліп, қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Бұдан бөлек жастар жағы алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнады. Этноауылды тамашалағандардың ішінде шетелдік қонақтар да бар. Олар өз таңданысын жасыра алмады. Айта кетейік, енді мұндай этнофестиваль Бурабайда жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Татьяна Кошман, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы:

– Бұл жерде бізді балалардың өте көп жүргені қатты қуантты. Себебі осындай іс-шаралардың барлығы өскелең ұрпақ үшін қажет. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы қазақтың бай дәстүрін кеңінен насихаттап, оны тіпті әлемдік деңгейде танытуға болады.

Манфред Метцгербушер, турист (Германия):

Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Қазақтың түрлі салт-дәстүрлерін көріп, таңғалдым. Әсіресе ұлттық киімдеріңіз өте ерекше екен. Ою-өрнектері әдемі. Ал асқан қонақжайлылықпен ұсынған тағамдарыңыз бал татиды. Маған қазақ асханасы қатты ұнады.

Хабар 24 телеарнасы