389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ балалары Киевте өткен «Жас Еуропа» ән байқауында жүлделі орындарға ие болды

  • 943
  • UPD: 13:34, 29.04.2018

Еліміздің дарынды балалары Киевте өткен «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Осымен он бірінші рет ұйымдастырылған ән бәйгесіне әлемнің 9 елінен 75 бала қатысқан. Қазақ қыздарының өнері мен ұлттық киімі көрермен көзайымына айналып, қазылар алқасының жоғарғы бағасына ие болды.

«Жас Еуропа» деп аталатын халырақаралық ән байқауы биыл «авторлық», «ұлттық» және «эстрадалық ән» әрі «әлемдік хит» деп аталған бес аталым бойынша ұйымдастырылды. Биылғы байқауға алғаш рет Қазақстанның балалары арнайы шақырылып отыр. 10 мен 14 жас аралағындағы қыздарымыз: Жібек, Саяжан, Айғаным шетелге алғаш шыққандарын айтады. Қобалжып тұрғанына қарамастан, жас өрендер жақсы өнер көрсетті.

Жібек Елтай, «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауының жүлдегері:

– Негізгі көйлегім барлығына өте әдемі көрінді. Өйткені біз мұны тіктірткен кезде адамның көзіне тез түсетіндей, әдемі көрінетіндей етіп тіктірттік. Және көбісі қай жерден және қалай тіктірттің деп сұрайды. Менің әнім «Туған жер» деп аталады, бұл көрерменге өте жақсы ұнады.

Саяжан Тоқтаған, «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауының жүлдегері

Айналайын қарағым, алтыным-ай, ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай. Қобалжыдым, қорықтым, бірақ ешкімнен кем айтқан жоқпын.

Украина, Италия, Польша, Сербия, Хорватия, Перу, Оңтүстік Корея, Израиль және Қазақстан биылғы байқауға әлемнің 9 елінен 75 әнші бала қатысты.

Татьяна Апанасенко, «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауының директоры

Қазылар мүшесі әлемнің сегіз елінен іріктелді. Әлбетте, Украина тарапының өкілдері байқауға ең белсенді қатысты. Қазақстанның атынан өнер көрсеткен жас өнерпаздардың өнерлері жоғары бағаланып, балалардың барлығы жүлдегер атанды. Қазақ балаларының дауысы, сахна киімдері және ән салу өнері жоғары бағаланды.

Қазақстаннан келген үш қатысушы да құралақан қалмады, байқау қорытындысы бойынша «вокал» және «ұлттық ән» аталымдары негізінде және жас ерекшеліктеріне қарай 1, 2 және 3-орынды Қазақстанның балалары иеленді.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы