384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде әр ұлттың әжелері сайысқа түсті

  • 529
  • UPD: 10:10, 02.05.2018

Семейде бірлік мерекесі мен Астананың 20 жылдығына арналған әжелер сайысы өтті.

Оған 58 бен 80 жастың арасындағы тұрғындар қатысып, өнерлерін ортаға салды. Байқаудың ерекшелігі, оған қазақтан өзге орыс, өзбек, татар сияқты ұлт өкілдері балалары, немерелерімен бірге қатысты. Қатысушылар алдымен өздерін таныстырып, содан кейін салт-дәстүр мен елорда тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. Мұнан кейін ұлттық ән мен жырдан шашу шашып, жиналғандардың көңілін көтерді

Айман Ыбырайқызы, сайысты ұйымдастырушы:

- Жақсы дайындалып, оқушы бала сияқты жүректері лүпілдеп, неше күн қайта-қайта сұрап, былай істексек қалай деп, сондай сүйіспеншілікпен қатысып отыр әжелер. Мен өте қуаныштымын. Ең алдымен осы бейбітшілік, береке-бірлік болса елімізде тату-тәтті болсақ, жылдан жылға расында бақытты өмір сүріп жатқанымыз, соны мақтан тұтып, жастарға да соны айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы