388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Жеңіс күні қарсаңында мерекелік концерт өтті

  • 1301
  • UPD: 14:54, 08.05.2018

Астанада Отан қорғаушылар күніне орай және Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында мерекелік концерт өтті.

Шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және мүгедектер одағының мүшелері қатысты. Олардың алдында танымал эстрада әншілерімен қатар «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі және «Астана сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Өнерпаздар соғыс жылдарында жауынгерлік рухты көтерген патриоттық сарындағы әндерді шырқап, бейбіт өмір сыйлаған батырларға  алғысын әнмен жеткізді.

Жеңіс Сейдуллаұлы, «Қазақконцерт»  мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

- Концертіміздің аты «Жеңіс туы, желбіре!». Өйткені бұл еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі мынау 25 жылдығымыз бар, елорданың 20 жылдығы бар соған арналып жасалған концерт. біріншіден ол Отан қорғаушылар күніне екіншіден біздің сонау 1945 жылғы соғысты жеңіп шыққанымызға арналған. Бұл ардагерлерге басымызды иіп, тағзым етеміз. Барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтағым келеді. Іргеміз берік, аспанымыз ашық, жұрт тыныш болсын.

Хабар 24 телеарнасы