389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеудегі фестивальда еліміздің өнерпаздары Құрманғазы күйлерін күмбірлетті

  • 784
  • UPD: 15:35, 08.05.2018

Мәскеуде ұлттық оркестрлердің бесінші халықаралық фестивалі өтіп жатыр.

Қазақстан атынан осы байқауға ақтөбелік Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі қатысты. Концерт Мәскеудегі Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында өтті. Өнерпаздар Ахмет пен Ғазиза Жұбановтар, Евгений Брусиловский мен өзге де қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындап, Құрманғазы мен Қазанғап күйлерін күмбірлетті. Фестивальге қатысушылар қатарында Беларусь, Жапония және Ресейдің өнер ұжымдары бар. Қазылар алқасы мен музыка сыншылары қазақстандық өнерпаздардың шеберлігіне жоғары баға берді.

Елубай Кенжалиев, Ақтөбе облыстық филармонияның директоры:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өз елімізден шыққан композиторлардың күйлерін әлемдік деңгейде өзге ұлттарға, қандас бауырластарымызға әндерлді жеткізуді өзіміздің міндетіміз деп есептейміз. Елбасы жолдаған Рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес қазақтың өнерін насихаттау.

Хабар 24 телеарнасы