382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канн халықаралық кинофестивалі басталды

  • 467
  • UPD: 23:42, 08.05.2018

Францияда 71-халықаралық Канн кинофестивалі шымылдығын түрді.

Бұл өнер додасына «Қазақстанның ұлттық павильоны» екінші жыл қатарынан қатыспақ. Кинофестивальде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы отандық кино өндірісінің үздік өнімдері таныстырылды. Мұндағы барлық іс-шаралар Қазақ өнер университеті мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған. Биыл кинофестивальдің ашылуы Жеңіс күнімен тұспа-тұс келді. Қазақстан делегациясының басшысы, «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева екінші дүниежүзілік соғыста шейіт болған жауынгерлер мен француз қаһарамандары ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысады.  

Айман Мұсақожаева, «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің президенті:

- Біз бейбітшілік үшін, келер ұрпақтың тыныш өмірі үшін құрбан болғандарды еске алып, құрмет көрсетуіміз қажет. Әр мемлекеттен гүлдесте әкеліп қойып жатыр, біз де Қазақстаннан келген өкіл ретінде осы мерекелік шараға қатыстық. Сондай-ақ Мәдениет министрлігінің Қазақстан мен Франциядағы бизнесті дамыту жөніндегі өкілдерінің қатысуымен мәдениет саласына қатысты мәселелер бойынша Канн қаласының әкімімен кездесеміз.

Бернар Брошан, Франция ұлттық ассамблеясының депутаты:

- Бүгінгі күн біздің ел үшін айтулы күн, өйткені бүгін 1939-1945 жылдардағы соғыстың аяқталған күні. Біз Еуропа мәдениетінің әлемге таралуына жұмыс жасап жатырмыз және бұған Франция президенті қолдау білдіруі біз үшін өте маңызды. Біз Франция ұлттық ассамблеясы бағыты бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Біздің интернационалды Канн қаласына қош келдіңіздер!

Хабар 24 телеарнасы