384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бала дауысы» ән байқауының іріктеу кезеңі басталды

  • 622
  • UPD: 14:37, 12.05.2018
«Бала дауысы» ән байқауының іріктеу кезеңі басталды

Оған еліміздің 14 облысынан 80 бүлдіршін жолдама алған.

Енді әнші балапандар екі күн іріктеу сынына қатысады. Нәтижесінде әр облыстан бір үміткер, Алматы және Астана қалаларынан екі үміткер келесі телевизиялық шешуші кезеңге жолдама алады. 24 қазан мен 1 желтоқсан аралығында көрермендер бүлдіршіндердің орындаушылық қабілетін бағалап, дауыс берулеріне болады. Жеңімпаздар «Халық сүйіктісі» ұлттық өнер академиясында тегін оқу грантын иеленеді. Басқа да үздік орындаушылар сыйлықтармен марапатталады. Жалпы осыған дейін болған онлайн арқылы іріктеуге 8-ден 12 жас аралығындағы 3765 жас дарыннан өтініш түскен.

Медина Мақсат, қатысушы, /Шығыс Қазақстан/:

- Өзім осы байқауды қатты тостым. Мен өзімнің атымды әлеуметтік желіде көргенде сондай қатты қуандым. Мен жеңісті күтемін. «Бала дауысында» жеңгім келеді.

Толғанай Хасен, ұлттық «Бала дауысы» ән байқауының ұйымдастырушысы:

- Балалар өздерінің бақтарын сынамақ. Жанды тыңдалымнан өткен балалар байқаудың ақтық мәресіне жолдама алып, бір ай бойы хореографиядан, вокал сабағынан, әртістік шеберліктен сабық алып, ақтық финалда өз өнерлерін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы