382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандасымыз Канн фестивалінде үздік актриса атанды

  • 669
  • UPD: 10:00, 21.05.2018

Қазақстандық өнерпаз Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды.

Бұл туралы айтулы мәдени шараның Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына хабарланды.

Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рольді сомдаған.

Актрисаның өзіне келсек, Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте Петропавлда дүниеге келген.

Ол 2011 жылы Ресейдің театр өнері университетін (ГИТИС) бітірген. Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты рольді сомдады. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, әділқазылардың жүлдесін, Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған еді.

Хабар 24 телеарнасы