378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каннда үздік актриса атанған қазақ қызы жастайынан еңбекпен шыңдалып өскен

  • 598
  • UPD: 23:30, 21.05.2018

Ауылдан шығып, төрткүл дүниеге танылды. Театрда қарапайым кассир болған Самал Есләмова кино әлемін мойындатты.

Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самалдың жеңісіне жерлестері әлі де сене алар емес. Ол Солтүстік Қазақстандағы алақандай ғана Аралағаш ауылының тумасы.

Ілияс Есләмовтың телефонына дамыл жоқ. Кешеден бері құттықтау қоңыраулар мен қонақтар. Қыздары Самалдың жеңісіне әсіресе ата-анасы балаша қуанып жатыр.

Ілияс Есләмов, Самалдың әкесі:

- Шешесі кішкентай болғанда еркелетіп, өлең айтатын. «Біздің Самалегіміз үлкен самолетқа мініп алып, ұшып кетті Москваға» деп келтіріп айтатын. Қазір сол өлеңі дәл келді.

Анасының айтуынша, Самал кішкентай кезінен ауыр жұмыстарға араласып, әкесінің қасында жүретін. Кенже қыздары құдықтан су тасып, отын жарып бойжеткен.

Гүлмайра Есләмова, Самалдың анасы:

- Атты доғарып, атты жегіп папасына. Ол ылғи айтатын: «бір қызым бар, екіншісі қыз тағы да. Енді айтамын ұл болса қандай болар еді? Қыздың арқасы» дейтін. Машину водит как лихач. Енді атқа мінген қыз. Машина қазір оларға...

Самал Есләмова Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының түлегі. Өнер колледжінің студенті бастапқыда кассир болып, кейіннен спектакльдерде ойнай бастайды.

Біржан Жалғасбаев, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:

- Сосын турашыл болатын, шыншыл. Тура айтады. Жас болса да тура айтатын, шындықты айтады. Одан кейін тез қабылдап қалатын, 1-курсқа түскен кезі ғой. Сосын көзі бір ерекше. Сондай тұнық тап – таза. Енді осы күнге дейін кеше әлеуметтік желілерден жалпы хабар естіп жатырмыз ғой, сондай үлкен дәреже. Сол көзі әлі сақталған. Сол өзінің тазалығы, тұнықтығы. 

Самал Есләмова «Айка» картинасында сомдаған басты рөлі үшін Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол бұл байқауда жеңіске жеткен тұңғыш қазақ қызы.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы