366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл

  • 216
  • UPD: 23:44, 25.05.2018

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қазақ халқының қайтпас қайсар батыр ұлы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына биыл 100 жыл.

Партизан жауынгер әрі жазушының құрметіне орай Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивте басқосу өтті. Конақтар назарына Қасым Қайсеновтің жеке қорында сақталаған кино-фотоқұжаттар, қолжазбалар мен деректі мұрасы ұсынылды. Мемлекеттік архивке бұл құнды заттарды ардагердің ұлы мен келіні тапсырған. Қазақ әдебиетінде партизандық соғыс тақырыбында жазған шығармалары әрдайым құнды. Жалпы жауынгер-жазушы 30 кітап жазған. Олар орыс, қырғыз, украин және вьетнам тілдеріне аударылды. Ал отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін ол Фадеев атындағы халықаралық сыйлықпен марапатталған. 

Еркін Нұразхан, ҚР Жазушылар одағының мүшесі:

- Елдің экономикасы, мәдениетінің дамуына аса жіті назар аударып отырды. Өзі барлаушы ғой. Саяси сергектігі күшті еді. Кішкентай қол радиосы бар. Соны тыңдап жататын. Маған «газеттерді оқып бер» дейді. Сөйтіп өзінің ойларын айтқысы келеді. Мақалалар жаздық. Жазушылар арасында да беделді болды.

Хабар 24 телеарнасы