383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жас қанат» байқауында бес қатысушы финалға шықты

  • 436
  • UPD: 22:28, 27.05.2018
<span class=favorites>«Жас қанат» байқауында бес қатысушы финалға шықты</span>

Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат» республикалық конкурсы өтіп жатыр.

Биыл 27-мәрте ұйымдастырылған ән сайысына жылдағыдай 14 емес, 12 әнші қатысып, соның бесеуі финалға шықты. Бүгін мәдениет қайраткерлері мен белгілі әншілерден құралған әділ қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды. Қазіргі қазақ эстрадасында жүрген талай мықтылардың жолын ашқан ән байқауында әр қатысушы екі әннен орындайды. Яғни әлемдік классика мен соңғы жылдардың танымал хиттарынан сынақ тапсырады. Үздік шыққан үш әнші «алтын», «күміс» және «қола қанат» жүлдесімен марапатталады. Байқауда «Хабар» Агенттігінің арнайы сыйлығы да табысталады.

Мәдина Сәдуақасова, қазылар алқасының мүшесі:

- «Жас қанат» байқауының басқа жобалардан көп айырмашылығы бар. Ең бірінші бұл кәсіби байқау. Арзанқол хайп дүниені қуаламайтын байқау. Нағыз кәсібилікті, нағыз талантты іздеп, тауып атын шығарып жүретін байқау. 19 жыл бұрын мен осы «Жас Қанат» байқауында бас жүлдені ұтып алған болатынмын.

Хабар 24 телеарнасы