384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрсынбек Қабатов Астанада ашылатын жаңа театрға жетекшілік етпек

  • 594
  • UPD: 15:23, 31.05.2018
Тұрсынбек Қабатов Астанада ашылатын жаңа театрға жетекшілік етпек Елорда Инфо

Биыл елордада жаңа сатира және әзіл театры ашылады.

Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

«Елорданың мәдени өміріндегі тағы бір маңызды жаңалық ЭКСПО көрме кешенінің «Энергия холл» ғимаратында жаңа сатира және әзіл театрының ашылуы болмақ. Аталған театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болады», – деді Ә.Исекешев.

Бұған қоса, қала басшысы Астанада бірқатар мәдени нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Елбасының тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласында қазақ драма театрының жаңа ғимараты бой көтеруде. Қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігімен бірге осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек қасиетті орындарды сақтау мақсатында бірқатар тарихи-мәдени орынға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», – деді елорда әкімі.

Хабар 24 телеарнасы