384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Аға» телехикаясы түсіріліп жатыр

  • 1128
  • UPD: 20:02, 31.05.2018

«Хабар» телеарнасы күзгі маусымда бірнеше жаңа жобаны көрермен назарына ұсынады.

Солардың бірі – «Аға» телехикасы. Жаңа телехикая бойжеткендердің  сұлулығын саудалап, өрімдей қыздарды ұрлап, шетелге сатумен айналысатын қылмыстық топтың әрекеті жайында. Балалар үйінде тәрбиеленіп, өжеттігінің арқасында ішкі істер саласында қызмет етіп жүрген Боран қарындасы Ұлпанды қылмыскерлердің қолынан құтқару үшін бөрілердің тобына өз еркімен енеді.

Ерік Хамидоллаев, актер:

- Кейіпкерімнің мінезі менің мінезіме ұқсайды. Бар өзгерістер. Ол өте тұйық, көп сөйлемейтін, іспен ғана бәрін істейді, дәлелдейді. Қарындасын алып кеткеннен кейін құтқару үшін әртүрлі әрекеттер істейді. Қолынан келгенннің бәрін.

Тың тақырыпқа түрен салған режиссер Алмас Фазыл актерлер құрамын да ерекше талаппен таңдапты. Балалығы жетімдер үйінде өткен Ұлпанның үркек әрі тым сақ мінезін ойнауды Назерке Маратқызына сеніп тапсырған. 

Алмас Фазыл, режиссер:

- Мен іздеген кейіпкерім табиғи сұлулығымен ерекшеленуі керек болған. Әлі аузынан бала сүті кетпеген дейді ғой. Күзде ол қызды арнайы үш ай іздеп жүріп таптым. Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжінен таптық.

16 бөлімнен тұратын «Аға» телехикаясы «Хабар» телеарнасының күзгі маусымында көрермендер назарына ұсынылатын болады. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы