389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Егемен Қазақстан» газетіне 99 жыл

  • 1542
  • UPD: 19:43, 06.06.2018

Егемендіктің айнасы «Егемен Қазақстан» газетіне биыл 99 жыл.

Еліміздегі басты басылым бір ғасырда түрліше түлеп, дамудың даңғыл жолынан өтті. Газет ең көп таралыммен шығатын баспасөзге айналды. Аптасына 5 рет 200 мыңнан аса данамен оқырманға жол тартады. Ал келер жылғы ғасырлық мерейтойға басылым ұжымы тың жаңалық әзірлеп отыр.

Газеттің мұрағатта жатқан ескі сандары жуық арада электронды форматқа ауыстырылады. Бұл жұмыс басылымның мерейтойлық кезеңіне дейін аяқталмақ.

Ғабит Мүсіреп, «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары:

- Оқырмандардың, кез келген адамның кезіндегі аға буын шығарған газеттің тігінділерін электронды формат арқылы оқып таныса алады. Қазір оны көшіру жүргізіліп жатыр. Сосын сайтқа арнайы салынады. Сол арқылы оқи алады.

Ғасырлық тарихы бар басылымның таралымы көп. 200 мың данадан асады. Сұранысы жоғары газет соңғы уақытта «еуро» үлгіге сай ықшамдалыпты.

Самат Мұса, «Егемен Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы:

- «Еуро» формат дегеніңіз бұрынғыдай ашып қараған кезде үлкен орын алмайды. Ұшақта отырып та, пойызда кетіп бара жатып та оқи беруге ыңғайлы болу үшін осындай жаңалық енгізілді. Айдарлар біраз көбейді. 100-ден астам айдарымыз бар. Қайтадан жаңа айдарлар қосылды.

Хош. Өркениет өркен жайған заманда бас басылым уақыт көшінен қалған емес. Газет қазір біржола электронды форматқа көшкен. Біртіндеп латын қарпіне де ауысып жатыр. Алда тіршілікте тілшілік қызмет атқаратын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің күні! Мерекеге орай «Үркер» байқауы өтеді. Осы бір ақпарат аламанында ғасырлық тарихы бар «Егемен Қазақстанның» ұжымы 2 аталым бойынша бақ сынамақ.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы