386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалеки театрында «7+1» спектаклінің тұсаукесері өтті

  • 904
  • UPD: 08:10, 08.06.2018
Қалеки театрында «7+1» спектаклінің тұсаукесері өтті

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «7+1» спектаклінің тұсаукесері өтті.

Ол америкалық жазушы Кен Кизидің романының желісі негізінде қойылды. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Туындыда қылмыскер Макмерфидің өмірі суреттелген. Ол түрмеден құтылу үшін есі ауысқан адамның қылығын жасап, жындыханадан бір-ақ шығады. Сөйтіп емханада темірдей тәртіп орнатып, өзгелерді өзіне тұтас бағындырып қойған медбикеге қарсы күреседі. Қойылым соңында бас кейіпкер құрбан болғанымен, оның азаттыққа деген ұмтылысы басқалардың сана-сезіміне айтарлықтай өзгеріс әкелді.

Әлімбек Оразбеков, қоюшы-режиссер:

– Жалпы ерекшелігі – кейбір спектакльдерде кейіпкерлер сахнадан шығып кетіп, келесі шығуына дайындалады. Ал мұнда бастан-аяқ 8 адам сахнаға шықты ма, ол бастан-аяқ сахнадан кетпейді. Оның 1 секундқа басқа жаққа қарауға мүмкіндігі жоқ. Тек оқиғаның өрбуіне үлесін қосып, бір минут демалыс жоқ.

Хабар 24 телеарнасы