374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ тіліндегі мультфильм көрерменге жол тартты

  • 499
  • UPD: 18:11, 13.06.2018

Еліміздегі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманованың тырнақалды толықметражды мультфильмі жарыққа шықты.

Балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы анимациялық шығармалар құрастырушы осылайша сырбойылық жас көрермендерді қуантып отыр. «Сиқырлы кілт» туындысы Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналып отыр. Сыр өңірінің тарихы, географиялық ерекшелігіне бір жарым сағат саяхат жасалатын бейнекөрініс 6 ай бойы әзірленген. Басты кейіпкерлер Ару, Әли мен Мәди сиқырлы кілтті іздеп, аймақты аралап, түрлі кедергілерді жеңіп шығатын мультфильмде ұлттық қолөнер, салт-дәстүр және тағамдар кеңінен насихатталады. Бүлдіршіндер көңілінен шыққан анимациялық туындының енді барлық аудандарда таныстырылымы өтеді. Айта кетейік, «Сиқырлы кілт» мультфильмінің саундтрегін де аниматор өзі жазып шыққан. 

Сымбат Әбдірахманова, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:

- Тәрбиеге көп мән бердік. Қазіргі таңда балалар арасында автобуста орын беру немесе үлкенге құрмет көрсету, заттарын көтеріп көмектесу деген сияқты тәрбиелік мәні үлкен мәселелер қамтылған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынасқа түсу, инклюзивті білім беруді дамыту саласына да бағыттылған.

Осы категория бойынша: « Еліміздің тарихи-мәдени мұраларды қорғау заңына түзетулер енгізіледі Алматыдағы көрмеге Диордың музасы болған қазақ қызының картинасы қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы