365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтеді

  • 342
  • UPD: 00:08, 15.06.2018
Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтеді

16-17 маусымда Медеу мұз айдынында «Star of Asia» фестивалі өтеді.

Дәстүрлі өткізіліп келе жатқан музыка кешінде бұл жолы көрермендер назарына тың туындылар ұсынылмақ. Халықаралық өнер фестивалінде жиырма бестен аса отандық орындаушы және Өзбекстан, Қырғызстан, оңтүстік Корея, Жапония сынды он елдің танымал әншілері өнер көрсетеді. Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, әншілерді  сүйемелдеп, сахналық қойылымдарға сән беру үшін 300-ден аса адам жұмылдырылған. Халықаралық фестиваль теларналар арқылы тікелей 118 елде көрсетілетін болады. 

Назгүл Қарабалина, Star of Asia фестивалінің қоюшы режиссері:

- Концертіміз үлкен  интромен басталады, сол жаңағы сіз көрген 6 метрлік ат интро да қатысады. Сол аттың үстінде біздің Томирис патшамыз келеді. Бірінші күндерде 27 нөмер болады, екінші күні шетелдік әншілермен қоса біздерден тағы 8 әнші қатысады, қалғандарының барлығы шетелдіктер.

Осы категория бойынша: « Елордада ашық аспан астындағы «Домбыра Party» кештеріне кез келген адам қатысуына болады Қызылордалық өнерпаздар түрік халқын тәнті етті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы