365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  • 212
  • UPD: 19:51, 15.06.2018

Астанада Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Жиынға жетекшілік еткен еліміздің мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сыйлыққа лайық шығармада отаншылдық идея көрініс табуы керек екенін атап өтті. Айта кетейік, үздік шығармаларды 53 адамнан тұратын арнайы комиссия іріктейді. Олар мемлекеттік сыйлыққа үміткерлерді жасырын дауыс беру арқылы анықтайды. Ал жеңімпаздардың есімі жыл соңында белгілі болады. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Ең басты өлшем – сыйлық берілетін шығарма елдің рухани, мәдени өмірінде мойындалған, өз саласында озық, үздік, көркем туынды болсын. Ол шығармаларда отаншыл, елшіл, мемлекетшіл идея терең көрініс табу керек. Ел тәуелсіздігі, мемлекетіміздің дамуы, өркендеу кезеңі, ұлттық тарихымыз бен азаматтық, имандылық өлшемдеріміз жоғары көркем деңгейде көрінуі шарт.

Осы категория бойынша: « Қызылордалық өнерпаздар түрік халқын тәнті етті C.Тұрысбеков: Домбырамыздың үні әлемді шарласа екен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы