374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Циндао қаласындағы кинофестивальде Т.Аралбай үздік актер атанды

  • 305
  • UPD: 12:09, 18.06.2018

Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан кинофестивальде ең үздік ер ролін Аралбай Төлеубек жеңіп алды.

Ол «Біздің қаланың кішкентай xанзадасы» фильміндегі басты кейіпкерді сомдаған. Фильм режиссері Талғат Теменов. ШЫҰ аясындағы фестивальде  «Алмас қылыш» тарихи фильмі, «Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» мелодрамасы және «Оралман» картинасы көрсетілді. Продюсер және актриса Іңкәр Әбдіраштің айтуынша, қазақ хандығы туралы тарихи фильм көрермен қауымның үлкен қызығушылығын тудырды. Ал бұған дейін Ақан Сатаевтің «Анаға апарар жол» туындысы көрсетілген. Жалпы осы байқауға 23 кинолента қатысып отыр. Үздіктерді 12 кәсіби маманнан тұратын қазылар алқасы анықтайды. Оның ішінде қазақстандық режиссер, продюсер Сергей Азимов те бар. Қазақстан кинофестивальге түрлі жандардағы 5 туынды апарды.  Алғаш рет ұйымдастырылған шараға 12 мемлекеттен 60 картина ұсынылды.

Алтынай Нөгербек, «Анаға апарар жол» кинокартинасының актрисасы:

- Осындай фестивальдердің көп болуын қалар едім. Өйткені сөзсіз осындай фестивальдер осы ұйымға кіретін елдердің арасындағы мәдени, саяси ара қатынасты нығайтып, жалпы өнерді үлкен биіктікке көтереді деген ойдамын.

Осы категория бойынша: « Астанада бүкіләлемдік театр фестивалі басталды Каспий маңы елдерінің театрлар фестиваліне 9 ұжым қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы